Ағымдағы жылғы 21 ақпанында "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ Басқарма Төрағасы А.Т. Қабашев АЭА қатысушысы "Манметэкс"ЖШС-ның жобасын іске асыру шеңберінде Ақтау қаласына келген STS (Selected Technological Supplies) компаниясының директоры Фабрицио Кабаймен кездесу өткізді.

Сапардың мақсаты өңірдің инвестициялық әлеуетін зерделеу, АЭА қатысушысының объектісін салу бойынша жобалау жұмыстарын жүргізудің алдындағы техникалық мәселелерді талқылау болып табылады.

Кездесу барысында "Ақтау теңіз порты" АЭА " АҚ Басқарма Төрағасы А. Т. Қабашев АЭА қызметі, іске асырылып жатқан жобалар, инвесторларды мемлекеттік қолдау құралдары және АЭА-ны одан әрі дамыту жөніндегі жоспарлар туралы жалпы ақпаратты жеткізді, жобаны инфрақұрылымдық қамтамасыз ету бөлігінде қабылданып жатқан қолдау шараларын айтты.
Анықтама :
- "Манметэкс" ЖШС жобасы 700-ге жуық жұмыс орнын құрумен, көлемі 61,0 млрд. теңге инвестиция салынатын, сортты прокат өндіру бойынша электр балқыту кешенін салу жоспарланған;
- STS компаниясы (Selected Technological Supplies) компаниясы 1984 жылы құрылғаннан бері металлургия зауыттарына сапалы жабдықты жобалау мен жеткізудегі ең ірі компаниялардың бірі болып табылады.

Ақтау теңіз порты "АЭА" АҚ баспасөз қызметі 

Желілерде бөлісу:

  • 112